Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ


Жаңа Конституцияның 3-бабында тарихи-мәдени мұраны сақтау мен төл мәдениетті қолдау Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары ретінде айқындалған. Бұл – ұлттың рухани болмысы мен тарихи сабақтастығы үшін маңызды бағыт.
Кітапхана саласының қызметкері ретінде мен бұл қағидаттың мәнін терең сезінемін. Себебі кітапхана – тек кітап оқитын орын емес, ұлттың өткені мен бүгінін жалғап, рухани құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізетін маңызды мәдени орта.
Біздің міндетіміз – халқымыздың бай әдеби мұрасын насихаттау, тарихи тұлғаларымыздың өнегесін таныту, ана тіліміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Әрбір өткізілген әдеби кеш, әрбір таныстырылған кітап, әрбір оқырманға жол тартқан рухани дүние – ұлттық мәдениетімізді сақтауға қосылған үлес.
Менің ойымша, мәдениетті қолдау тек мәдениет мекемелерінің міндеті емес. Бұл – тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. Өйткені өзінің тарихын таныған, әдебиетін құрметтеген, ұлттық құндылықтарын бағалаған ұрпақ қана болашағына сеніммен қарай алады.
Конституцияда осы бағыттың негізгі қағидаттардың бірі ретінде бекітілуі мәдениет пен руханияттың мемлекет өміріндегі орнын айқындайды. Ендігі маңызды міндет – осы құндылықтарды күнделікті өмірде дәріптеп, жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Кітапхана – руханияттың алтын көпірі. Рухани мұрамыз мәңгі жасасын!

ГҮЛНАР МОЛДАБЕКОВА
Шиелі аудандық орталық кітапхананың бөлім меңгерушісі
19 қазан 2026 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031