Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи мұра - ұлттың ғұмырнамасы

Тарихи мұра - ұлттың ғұмырнамасы


Аптаның бейсенбі күні Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде ғылыми қызметкер Анар Қалекееваның ұйымдастыруымен «Тарихи мұра – ұлттың ғұмырнамасы» атты көрме өткізілді. Көрменің негізгі мақсаты – ұлттық мәдени мұраны қамқорлыққа алып, оны өскелең ұрпаққа насихаттау.

Іс-шара барысында ардагерлер Н.Махмутов пен М.Боранбаев музейде сақтаулы тұрған жәдігерлердің ел үшін алар маңызы зор екенін атап өтті. Ал, дала академигі атанған Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев пен ардагер ұстаз П.Жүсіпова мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау керектігін тілге тиек етті. Көрмеге қатысқан №149 Ә.Монтаев атындағы мектеп оқушылары өлең оқып, би биледі. Шара соңында қатысушылар Ы.Жақаевтың басына барып, құран оқып, гүл шоқтарын қойды.

«Өскен өңір» ақпарат .
20 сәуір 2019 ж. 1 134 0