Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты іс шара болып өтті.

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты іс шара болып өтті.


Кеше Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде сан ғасырлық тарихи тамырымыз бен мирас болып келе жатқан атамұра өнерімізді, өзге елден ерекшелеп тұратын салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды және тілдік ерекшелігімізді насихаттау мақсатында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты іс шара болып өтті.

Шарада республикаға белгілі қолөнер шебері Зухра Баймырзаева мектеп оқушыларымен кездесіп, өнердегі жеткен жетістіктері жайлы айтып, асқақ арманның шыңына жету үшін әрдайым ізденісте болу керектігі туралы баяндады. Шараға қатысқан №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектеп оқушылары сұрақтарын қойып, кеңес алды.

«Өскен өңір» ақпарат.
13 сәуір 2018 ж. 2 473 0