Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

АУЫЛДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешімін табуға ықпал ету – партия жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Осы ретте Шиелі ауданында тұрғындардың өтініші негізінде қолға алынған маңызды жобалардың бірі өз нәтижесін берді.
Жыл басында аудандық партия филиалына Еңбекші ауылының тұрғындары «Самара–Шымкент–Еңбекші» автомобиль жолының жағдайына қатысты өтініш білдірген болатын. Тұрғындар ауыр жүк көліктерінің тұрақты қатынауы салдарынан жолдың тозып, көлік қозғалысына айтарлықтай қиындықтар туындағанын айтып, аталған жолды жөндеу қажеттігін жеткізген еді.
Осы ретте тұрғындардың талап-тілегі партиялық бақылауға алынып, тиісті жергілікті органдармен бірге мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде ұзындығы 4,3 шақырым болатын жол бөлігі қайта жаңғыртудан өтті. Жобаға 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалып, жөндеу жұмыстары «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-нің демеушілігі есебінен жүзеге асырылды.
Жол жөндеу жұмыстарын бас мердігер «Орда АвтоДор» ЖШС жүргізсе, құрылыс барысына авторлық қадағалауды «Димаш-Сервис», ал техникалық қадағалауды «Опора Строя» серіктестіктері жүзеге асырды.
Жоба аясында жол төсемі толық жаңартылып, сапалы асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар жол жиегін ретке келтіру, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиісті жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылды.
Атап өту керек өз кезегінде жолды жаңғырту жұмыстары партиялық бақылауда болды.
Бүгінде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жаңғыртылған жол пайдалануға берілді. Бұл – Еңбекші ауылы тұрғындарының ұзақ уақыттан бері көтеріп келе жатқан мәселесінің нақты шешімін тапқанын көрсетеді. Жолдың сапасының жақсаруы тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.
«Айтылды – орындалды» қағидатының нақты көрінісі болған бұл жоба – тұрғындардың ұсынысы мен талап-тілегінің назардан тыс қалмайтынының айқын дәлелі.
07 қазан 2026 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031