«Самара–Шымкент–Еңбекші» жолы жаңартылуда
Шиелі ауданындағы жол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда аудан тұрғындары үшін маңызды көлік қатынасы желілерінің бірі саналатын «Самара–Шымкент–Еңбекші» автомобиль жолының 4,3 шақырым бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жолдың жаңартылуы – тұрғындардың күнделікті қатынауын жеңілдетіп қана қоймай, елді мекендер арасындағы көлік байланысын жақсартуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жоба.
Жол жөндеу жұмыстары «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-нің демеушілігі есебінен жүзеге асырылуда. Жоба аясында жол төсемін толық жаңарту, сапалы асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті жол белгілерін орнату жұмыстары қарастырылған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп, жолдың сапасы мен орындалу барысына тиісті бақылау жасалуда. Жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін толық аяқтап, жаңартылған жолды халық игілігіне беру жоспарлануда.
Айта кетейік, аудан аумағындағы автомобиль жолдарының сапасын жақсарту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар бұған дейін де бірқатар нысандарда жүзеге асырылды.
Бұл – мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әлеуметтік әріптестіктің нақты нәтижесін көрсететін маңызды бастамалар. Кәсіпкерлік құрылымдардың туған жердің дамуына қолдау көрсетуі ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосып келеді.
Сапалы жол – қауіпсіздік, қолайлылық және тұрақты дамудың негізі. Жол инфрақұрылымының жаңаруы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, елді мекендердің экономикалық белсенділігіне, кәсіпкерлік пен өндірістің дамуына да оң ықпал етеді.
Алдағы уақытта да аудан аумағындағы жолдардың жағдайын жақсарту, көлік қатынасын дамыту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Шиелі ауданы әкімдігі