Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «САМАРА-ШЫМКЕНТ» ТАС ЖОЛЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«САМАРА-ШЫМКЕНТ» ТАС ЖОЛЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы барлығыңызға белгілі.
Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын, жобалық құны 1 млрд. 712 млн. теңге болатын тас жолдың бір бөлігіне асфальт жабындысы төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар үшін Ұлттық қордан 466 млн. теңге қаржы бөлінген болатын.
Сондай-ақ, биылғы жылы кентте жоба құны 1 млрд. 555 млн. теңгені құрайтын аудан орталығының күре жолдары саналатын 9 көшенің (Әл-Фараби, Досбол датқа, Дәулеткерей, Байтұрсынов, Жақаев, Абылайхан, Бұдабай, Сейфуллин, Шәкәрім) күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, Тәуелсіздік көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Яссауи, Дәулеткерей және Бәкіров көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
13 мамыр 2024 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031