Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, өтпелі кезеңмен күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Шиелі кентіндегі Шәкәрім көшесіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Жалпы айтқанда, Шиелі кентінің орталық 9 (тоғыз) көшесіне өтпелі кезеңмен күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, кент ішілік 49 (қырық тоғыз) көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жоғарыда айтылған Шәкәрім көшесінің ұзындығы 2900 метрді құрайды, жол жөндеу жұмыстарына 1 млрд 421 млн теңге мемлекеттен қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Болат Сыздық, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының Төрағасы Насырбек Мырзабеков, комиссия мүшелері Ғани Есімов, Дихан Әубәкіров, Сәпиқызы Ақзейне, Азамат Қали жол құрылысы жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында комиссия мүшелері, мердігер мекеме өкілдеріне жолдың еңісінің дұрыс еместігін, яғни еріген қар мен жаңбыр суларының жол ортасына жиналып ойықтар пайда болатындығын және жол жиектерінің кейбір жерлерінің мүжілгенін айтып қалпына келтіру жөнінде қатаң ескертті. Сондай -ақ жолды сапалы етіп жасаудың маңызды екендігін айтып, әрдайым партия бақылауында болатындығын ескертті.










11 сәуір 2024 ж. 352 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930