Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҒА ТҰРАҚТЫ

БАҒА ТҰРАҚТЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен мониторингтік топ мүшелері Шиелі кентіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, дәрі-дәрмекке және жанар-жағар майларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстары барысында мобильді топ өкілдері кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шекті бағасы бар азық-түлік бағаларын негізсіз қымбаттатқан жағдайда кәсіпкердің өзіне шара көрілетіндігін ескертті. Сондай-ақ жанар май құю бекеттерінде дизель отынының барлық бекеттерде тапшылығы бар екендігі анықталды. Кейбір бекеттерде талонмен ғана сатылымда бар. Жанар-жағар май бекеттерінде АИ-92/93 маркалы бензин бағасы тиісті құзырлы органдарға берген баға мәліметтеріне сәйкес емес. Жалпы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты, алайда кейбір дәрілерге тапшылық байқалды. Дәрі бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілуін және дәрі-дәрмек бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

15 қыркүйек 2022 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930