«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС II КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс II конференциясы өтті.

Конференция барысында делегаттарды сайлау бойынша бастауыш партия ұйымдары жиналыстарының шешімдері мен сайланған делегаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпаратты конференция делегаты Айжан Қарекеева таныстырды.
Конференцияның күн тәртібіне үш мәселе енгізілді:
1. Қызылорда облысы бойынша «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасына ұсыныстар мен сайлаушылардың аманаттарын жинақтау;
2. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну;
3. «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс III конференциясына делегаттар сайлау.
Бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Насырбек Мырзабеков баяндама жасап, өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасына ұсыныстар мен сайлаушылардың аманаттарын жинақтау мәселесін таныстырды.
Екінші мәселе бойынша Саяси кеңес мүшесі Мұрат Тұрабаев аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы баяндады.
Ал үшінші мәселе бойынша «Иіркөл» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айнұр Архабаева облыстық филиалдың кезектен тыс III конференциясына делегаттар сайлау мәселесін таныстырды. Жиын соңында партия мүшесі, "Ақмая" шаруа қожалығының төрағасы Дәулет Жұмбеков кандидаттарға сәттілік тіледі.
Конференция барысында күн тәртібіндегі барлық мәселе жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Алдағы жауапты саяси науқанда «Әділет» партиясының атынан ұсынылған кандидаттарға сәттілік тілейміз! Ел сенімін ақтап, ортақ мақсат жолында нәтижелі жұмыс атқару – баршамызға жүктелген жауапкершілік.
#ӘділетПартиясы