Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Nur Otan» : Шиеліде ауыл әкімдерін сайлау мәселесі талқыланды

«Nur Otan» : Шиеліде ауыл әкімдерін сайлау мәселесі талқыланды

 «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс  XХХІ конференциясы өтті.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сыздық Болат Мүбаракұлының төрағалығымен өткен конференция жұмысына аудандық мәслихат хатшысы, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары,  аудандық 24 бастауыш партия ұйымдарынан 55 делегат, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелеріқатысты.
Конференция жұмысында  2021 жылдың ІІ жарты жылдығында өтетін Жөлек, Майлытоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылған кандидаттарды бекіту туралы мәселе қаралды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңес бюросының мүшесі  Бәкір Бекжан Талғатұлы «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық  филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2021 жылғы 30 маусымдағы қаулысына сәйкес Жөлек, Майлытоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттарды таныстырып, бекіту үшінжеке-жеке дауысқа салуды ұсынды.
Дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 2021 жылдың ІІ жарты жылдығында өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына партия атынан Жөлек, Майлытоғай ауылдық округ әкімдеріне жоғары дауыс алған кандидаттар, Шиелі аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылу үшін, делегатар тарапынан қаулы қабылданды.

03 шілде 2021 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031