Саяси кеңес отырысы
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызының төрағалығымен аудандық партия филиалының кезекті Саяси кеңесінің отырысы өтті. Саяси кеңес отырысына кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Шиелі ауданында орындалуы туралы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы екі мәселе қаралып, кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар айтып, қаулылар қабылдады.
Саяси кеңес отырысының барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы ағымдағы жылдың сәуір, мамыр, қыркүйек, қараша айларында, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің ұйымдастыруымен фракция жұмысын жандандыру мен фракция мүшелерінің белсенділігін арттыру мақсатында түрлі тақырыптарда өткен вебинар-тренингке Шиелі ауданынан қатысқан облыстық мәслихат депутаты Қалмырза Қасымов, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихаттағы фракция мүшелері Нұрлан Әмір, Ербол Жеңсікбаев, Айткүл Әбдіқадыроваға «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің сертификаттарын табыстап, қатысушыларды алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Өскен өңір»