Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды


«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс ХХII конференция өтті. Жиынға аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық бөлім мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және бұқаралық құралдарының өкілдері қатысты.
Кезектен тыс 22 конференция барысында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» тақырыбындағы сайлауалды бағдарламасының аудан көлемінде орындалу барысына тоқталды. Ел дамуындағы жүзеге асырған жұмыстарын тізбектеп, ел тәуелсіздігін бұдан әрі дамытуда партияның бағыт-бағдарының айқын екенін жеткізді.
Күн тәртібіне қойылған мәселе аудандық филиал төрағасын сайлап алу болатын. Сонымен, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі Ә.Оразбекұлы сайланды. Мұнан әрі жаңа төраға өз ойын ортаға салып, бүгінгі елдің жеткен жетістігі тәуелсіздік пен ұлт көшбасшысының арқасында бағындырған биік екенін ерекше атап өтті. «Алған бағытымыз айқын, бейбітшілігіміз бен біртұтастығымыз осы сөзіміздің айғағы», – дейді.
Үшінші мәселеге сәйкес аудандық партия филиалы саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.
Конференция жұмысын қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев партия активіне атқарылған оң істерді атап өтіп, жүктелген міндеттер мен тапсырмалар өз мерзімінде әрі сапалы орындалуына сенім білдірді. Шараның күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Дина ӘБІЛАСАН.
26 желтоқсан 2017 ж. 2 032 0