Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘУЕЛСІЗДІК –тәңір тартуы

ТӘУЕЛСІЗДІК –тәңір тартуы


«Нұр Отан» партия­сы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – «Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты партия ардагерлерімен және партия белсенділерімен кездесу өтті.
Әрбір қазақстандық үшін бұл мерекенің қоғамдық-саяси маңызы зор және шын мәнінде жалпыхалықтық болып табылады. Осы айтулы мерекеге орай жиынға партия ардагерлері және партия белсенділері қатысты.
Жиында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы ашып беріп, бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Тәуелсіздік – қазақ елі үшін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі дей келе қатысушыларды 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесімен құттықтады.
Шараға арнайы құрметпен шақырылған партия ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табыс­талды.
Сондай-ақ, Патима Шаймерденқызы 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай бірқатар партия белсенділерін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың арнайы алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттері табысталды.

«Өскен өңір» ақпарат.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 423 0