Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр Отандықтар елбасымен бірге

Нұр Отандықтар елбасымен бірге


Жуырда «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай партия белсенділерімен кездесу өтті.
Әрбір қазақстандық үшін бұл мерекенің қоғамдық-саяси маңызы зор және шын мәнінде жалпыхалықтық болып табылады. Осы айтулы мерекеге орай жиынға партия белсенділері қатысты.
Жиынды «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы ашып беріп, осы жылдар ішінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында іргелі істер жүзеге асырылып жатқандығы, соның бірі «Қазақстан 2050» стратегиясында көзделген мақсаттарға жету жолында елімізде кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, 2050 жылға қарай Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу межесі, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асырылып жатқаны – осылардың барлығына халықты жұмылдырып, алға ұмтылдыратын үлкен мақсат-мұраттарды айқындауда бас­тауыш партия ұйымдары мен партия мүшелерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.
Шара барысында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай партияның бірқатар белсенділерін арнайы алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттері табыс­тап, мерекемен құттықтады.

«Өскен өңір» ақпарат.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9138)

30 қыркүйек 2023 ж.

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам