Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТІРЕГІ – ТІЛ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТІРЕГІ – ТІЛ

Өткен бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында ауданның мемлекеттік балабақша меңгерушілері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында бас қосты.Жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Шиелі аудандық филиалының төрағасы Өркен Исмаил ашып, Қызылорда облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі, республикалық «Тіл сақшысы» басылымының жауапты хатшысы Жалғасбек Аманов «Туған жер – тұғырың, тілің – талбесігің» тақырыбында баяндама жасады. Тәрбие талбесіктен басталады, ана тіліміз балабақшада қалыптасып, жаңғыра түседі, – деді қазақ тілінің мәртебесі жайлы сөз қозғаған шешен. Біз мемлекеттік тілімізді үнемі қорғап, дамытып отыруымыз керек. Аудандық білім бөлімінің бас маманы, осы балабақшалар жетекшісі Рабиға Тәжібаева туған тіліміздің өмірдің барлық саласында қолданылғанын қалайтынын, латын қарпіне көшу – заман талабы екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, балабақша меңгерушілері Мунира Дүйсенбаева, Ұлжан Бейсембаевалар бала тәрбиесіндегі тіл­дің маңыздылығы жайлы ой толға­ныстарын ортаға салды. Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласындағы негіз­гі мәселе қазақ халқының санасын ұлттық рухта жаңғырту. Ал ұлты­мыз ана тілі арқылы жаңғыратыны белгілі.

«Өскен өңір» ақпарат.
16 қараша 2017 ж. 2 542 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 54

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930