Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марапатқа лайық жандар

Марапатқа лайық жандар

Қазақстан атты алып мемлекеттің іргесін бекітіп, керегесін жайып, түндігін түзеп, табысын көбейткен Елбасымыздың ерен істерін бүкіл әлем мойындады. Айтулы мерекелік кеште ұлт көшбасшысы туралы көркем ойлар айтылып, еліне құт болған тұғыры биік тұлға жайлы әсем әндер шырқалды. Сондай-ақ, кент әкімі Ғабит Аманжолов: «Тәуелсіз Қазақстан – бүгінде іргесі берік, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, ынтымағы жарасқан елге айналды. Қазақ елі үшін сындарлы сәтте тарих өзі тудырған тағдыр иесі Елбасы Н.Назарбаев елді алға бастап, Тәуелсіздік айдынында еркін құлаш ұруына негіз қалады» – дей келе, атом саласының қызметкерлерін және Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан мекеме қызметкерлерін Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. Атап айтар болсақ, «РУ-6» мекемесінің қызметкері А.Қалжан, «ГРЭ-23» Волковгеология мекемесінен С.Напольнова, «Шиелі-Энергосервис» мекемесінен Н.Байжанов және «Арман» мәдениет үйінің директоры Н.Шалекеева, «Айналайын» балабақшасынан З.Ашимова мен спорт кешенінен Б.Мизамбаев т.б. қызметкерлерді мереке қарсаңында арнайы марапаттады.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЕВА.
05 желтоқсан 2017 ж. 1 389 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930