Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘДІЛДІК пен ШЫНДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАН

ӘДІЛДІК пен ШЫНДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАН

БЕЙСЕНБІ КҮНІ КӨКШОҚЫ МӨЛТЕК АУДАНЫНДА АЯУЛЫ ЖАН, АСЫЛ АЗАМАТ, ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ БОЛҒАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ӨТЕГЕН ЖАРЫҚБАЙҰЛЫНЫҢ АТЫНА БЕРІЛГЕН КӨШЕ МЕН ЕСКЕРТКІШ БЕЛГІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ. АЙТУЛЫ ШАРАДА АУДАН ӘКІМІ ӘШІМ ОРАЗБЕКҰЛЫ СӨЗ СӨЙЛЕП, ӨТЕГЕН ЖАРЫҚБАЙҰЛЫ ЖАЙЫНДА БІРШАМА ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛДЫ. САЛТАНАТТЫ ЖИЫНҒА СУДЬЯЛАР, СОТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ, АУДАН, КЕНТ ӘКІМДЕРІ, АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА, АДВОКАТУРА, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.Сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жолында қалтқысыз қызмет еткен Өтеген Жарықбайұлы 1923 жылы 15 қаңтарда Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысы басталған жылдары, 19 жасында әскерге шақырылып, Сталинград, Дондағы Ростов және басқа да майдандардағы қанды қырғынға қатысып, кіші командир шенін алған. Ұрыс даласында бірнеше жерінен жарақат алып, 1943 жылы елге оралады. Елге келген соң «Қандыарал» мектебінде жоғары сыныптарға дене тәрбиесі пәнінен ұстаздық етсе, одан әрі 1946-1948 жылдары Шиелі аудандық сотының орындаушысы болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, 1949-1951 жылдары Алматыдағы Заң мектебінің тыңдаушысы, содан кейін Атырау облыстық сотының мүшесі, Қызылқоға ауданы Халық сотының судьясы болып жұмыс жасайды.
1958 жылдан бастап Сыр еліне - өзінің туған жеріне оралып аянбай еңбек етеді. Алдымен Тереңөзек, Сырдария, Қармақшы аудандарында Халық сотының судьясы болса, 1975 жылдан бас­тап зейнетке шыққанға дейін 10 жыл Шиелі ауданы сотында абыройлы қызмет атқарады. Шара барысында Қызылорда облыстық сотының судьясы М.Ахметов, бірге қызметтес болған сот саласының ардагерлері Т.Баймағанбетов, Ж.Аяпбергенов пен шәкірті З.Жаңбыршиева естеліктерімен бөліссе, інісі Қазақстан Республикасының мәдениеті мен кинематографиясына еңбегін сіңірген қайраткер, мәдениет саласының ардагері Т.Тұрсынбайұлы: «Ағамның Отанға сіңірген еңбегі бағаланып «Қызыл жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған, оның ішінде «За боевые заслуги», «Мы победили в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «За отвагу» тағы басқалары бар. Сонымен қатар «Құрметті Заң қызметкері» төсбелгісін иеленген» – деп, алып тұлғасын айшықтай түсті.
Сот саласындағы ұзақ жылдар бойғы мінсіз еңбегі үшін Ө.Жарықбайұлы 1986 жылғы 23 қыркүйекте «Еңбек ардагері» медалін иеленеді. Ерен ерлік ұмыт қалған емес. Шиелі аудандық сотының ғимаратында осы кісіге арнайы мұрағат бөлме ашылған. Салтанатты шара барысында жиынға қатысушылар Ө.Жарықбайұлының қызметте қолданған дүниелерін тамашалап, өмірі мен қызметінен сыр шертетін деректермен танысты. Сондай-ақ, есімі Шиелі ауданындағы жаңа көшеге беріліп, ескерткіш белгісі орнатылды. Осының бәрі Ұлы Отан соғысының ардагері әрі Еңбек Еріне деген үлкен сый-құрмет!

Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
15 қараша 2017 ж. 2 357 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 61

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930