1000 КӨШЕТ КӨГЕРМЕК
Өткен сенбі күні аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен мектеп қызметкерлерінің атсалысуымен шырайлы өлкеміздің барлық аймақтарында сенбілік өткізілді. Мақсат – қыс ауасы түсіп, жер бетін қар басар алдында барлық аймақтағы қоқыс пен қураған шөптерден арылту. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен мәжілісте аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тапсырма берген болатын. Аудан басшысы: «Тазалық – ауданымыздың ажарын айшықтайтын баршамызға ортақ жұмыс. Әр жан тазалықты өзінің тұрған үйінен бастауы керек. Сондықтан қоқысын қораға емес қоршаған ортаға тастағандарға шара көріп, айыппұл салынуы тиіс. Тазалық жұмыстарын тексергенде бөлім, мекеме басшыларының үй маңын қоса тексеремін», – деп бұл жұмыстарды өзі басы-қасында болып, бақылауда ұстайтынын ескерткен еді.
Осы жұмыстармен қатар, бұл сенбілікте ауданымызда 1000 түп ағаш отырғызылды. «Көкшоқы» елді мекенінен бастау алған бұл шарада алғашқы ағашты Ә.Оразбекұлы отырғызды. Бұл шарада да аудан әкімі жауапты сала мамандарына көзбояушылық болмауын тапсырды. «Төгілген тер, атқарылғкан еңбек еш кетпеуі керек», – деді ол.
Иә, осы іспетті игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Отырғызылған әр көшет саялы көлеңкесін сыйлайтын алып ағаштарға айналса деген біздің де тілегіміз осы.