«СЕМІЗБАЙ-U» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
«Семізбай-U» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген басым бағыттарды талқылау, оның ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіріс саласын жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне назар аудару.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Президент Жолдауында айқындалған міндеттер мен мақсаттар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, Жолдаудағы бастамаларды жүзеге асыруға әрбір азаматтың, еңбек ұжымының және партия мүшелерінің қосар үлесі туралы сөз қозғалды.
Кездесу соңында қатысушылар ел дамуына бағытталған міндеттерді іске асыруда бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.







