Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР

ЖОЛДАУ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР


«Атамекен» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіру, алға қойылған міндеттерді талқылау және партия мүшелерінің назарын ел дамуының маңызды мәселелеріне аудару.
Кездесу барысында бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұргүл Шәлекеева Президент Жолдауында көтерілген негізгі мәселелер мен стратегиялық міндеттерге кеңінен тоқталып, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын баяндады.
Жолдауда айқындалған басым бағыттарды жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру және ел болашағы жолындағы бастамалардың жүйелі орындалуы жөнінде ой бөлісті.
Басқосу барысында қатысушылар Жолдауда айтылған міндеттер төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар партия мүшелерінің қоғамдағы белсенділігін арттыру және ел дамуына бағытталған жұмыстарға атсалысу мәселелері сөз болды. Кездесу қорытындысында Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда бірлік пен ортақ жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.
Жолдаудағы міндеттер – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Оларды жүзеге асыруға әрбір азаматтың қосар үлесі бар.
23 қараша 2026 ж. 25 0