«БОЛАШАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЖОЛДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Болашақ» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Жиынға бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысып, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттар мен алға қойылған міндеттер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақтияр Дайрақұлов Президент Жолдауының басым бағыттарына тоқталып, онда айқындалған міндеттердің ел дамуы үшін маңыздылығы туралы ақпарат берді. Ол Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы жаңғырту, білім беру, денсаулық сақтау және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда партия ұйымдарының, оның ішінде бастауыш партия ұйымдарының атқаратын рөліне тоқталды. Әрбір бастаманың нәтижелі орындалуы қоғам мүшелерінің белсенділігі мен ортақ жауапкершілігіне байланысты екені айтылды.
Жиынға қатысушылар Президент Жолдауында көтерілген мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты міндеттерді талқылады.
Кездесу соңында қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды қолдау және оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосу қажеттігін атап өтті.
Ел дамуы – ортақ міндет, ал Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру – баршаға ортақ жауапкершілік.








