Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз

Жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі тек қабылданған заңдар мен белгіленген талаптарға емес, әр адамның жеке ұстанымына да байланысты. Адал еңбек ету, өз қызметіне жауапкершілікпен қарау, заң талаптарын сақтау, қызметтік мүмкіндіктерді жеке пайда үшін пайдаланбау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қосылған нақты үлес.
Заң мен тәртіп – кез келген әділ қоғамның негізі, ал оны сақтау әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметші үшін халыққа адал қызмет ету – кәсіби міндет қана емес, үлкен жауапкершілік. Ал азамат үшін заң талаптарын сақтау және заңсыз әрекеттерге жол бермеу – құқықтық мәдениеттің көрсеткіші. Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі азайту үшін мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы қажет. Мемлекеттік органдар ашық әрі есепті жұмыс істеп, азаматтар өз құқықтарын біліп, заңсыз әрекеттерге немқұрайлы қарамаған жағдайда ғана нәтижелі жұмыс қалыптасады.
Адалдықты өмірлік қағидаға айналдырып, заңға құрметпен қарау арқылы біз әділетті, ашық әрі тұрақты қоғамның қалыптасуына өз үлесімізді қоса аламыз. Адалдық бар жерде – әділдік бар. Әділдік бар жерде – халықтың сенімі бар. Ал халық сенімі – мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі.
«Заң мен тәртіпті» сақтау – мемлекеттің ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз.  Әр адам өзінен бастап заңды қастерлесе, жемқорлықтан ада, дамыған қоғам құра аламыз.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетінің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы        
А.Аманқұлова
Сурет авторы Нұрболат НҰРЖАУБАЙ          

23 қараша 2026 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30