Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдық – қоғам дамуының басты қағидасы

Адалдық – қоғам дамуының басты қағидасы

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекет пен халық арасындағы сенімге сызат түсіретін келеңсіз құбылыс. Сондықтан жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті әрі азаматтық жауапкершілігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында әділетті қоғам құрудың негізгі тірегі ретінде «Адал азамат» ұғымына ерекше мән беріп келеді. Президенттің айтуынша, адал еңбек етіп, заң талаптарын сақтайтын, ел мүддесін жеке басының пайдасынан жоғары қоятын азаматтар ғана Жаңа Қазақстанның берік іргесін қалайды.
Қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын орнықтыру үшін әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметін жауапкершілікпен атқарып, ашықтық пен заңдылықты басты ұстаным етуі қажет. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасып, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі арта түседі.
Жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ ісі. Адалдықты өмірлік ұстанымға айналдыру арқылы біз өркениетті, құқықтық және әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасаймыз.

Ә.Омарқызы,
Шиелі аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
20 шілде 2026 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031