Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ


Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүкіл қоғамның ортақ талабы мен міндетіне айналып отыр. Әсіресе мемлекеттік қызмет саласында адалдық пен ашықтық қағидаларын сақтау – халық сенімінің басты кепілі.
Архив саласы – тарих пен деректің алтын қоры сақталатын маңызды сала. Бұл саладағы қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары, себебі әрбір құжат – елдің өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір. Сондықтан архив қызметкерлері үшін әділдік, тазалық және заңға бағыну қағидалары ерекше мәнге ие.
Бүгінде архив қызметін цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді жолына айналып отыр. Азаматтардың өтініштерін онлайн қабылдау, қызмет көрсету мерзімінің нақты белгіленуі, ашықтық – осының барлығы жемқорлыққа жол бермеудің нақты тетіктері.
Архив мекемелерінде көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде азамат пен қызметкер арасындағы тікелей байланысты азайтып, артық әкімшілік кедергілерді жояды. Нәтижесінде қызмет көрсету сапасы артып, сенім нығая түсуде. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы 139. архив кеңсесі арқылы 164 өтініш келіптүскен. Оның 227-не қанағаттанарлық, 76-на түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, архив қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жасалуда. Әрбір маман өз қызметінде заң талаптарын қатаң сақтап, адал еңбек етуі тиіс. Бұл – тек кәсіби міндет қана емес, азаматтық парыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Ол – әр азаматтың ұстанымы мен өмірлік қағидасына айналуы қажет. Қоғам болып жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырғанда ғана біз әділетті әрі дамыған мемлекет құра аламыз.
Қорыта айтқанда, архив саласы да бұл бағыттан тыс қалмай, ашықтық пен адалдықты ту етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуді басты мақсат етіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ ісіміз.

Жанат Кенбекова,
"Шиелi аудандық архиві" филиалының 1 санатты архивисті
08 сәуір 2026 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930