Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның күрделі мәселесі болып отыр. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет» деген болатын. Сондықтан, Призидент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда үкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында бөлімде көрсетілетін қызметтердің басым бөлігін электронды үкімет порталы арқылы жүргізуге жұмыстар жасалуда. Бүгінгі күнге бөлімде 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жыл басынан барлығы 17957 қызмет көрсетілген, оның ішінде 11667 қызмет электронды үкімет порталы арқылы, 1610-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыарқылы және 4680-і бөлім арқылы жүргізілген.
Мекемеде қызмет алушыларға арналған өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштамалары жұмыс жасауда, сонымен қатар 1 дербес компьютер және принтер орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру бағытында «Open space» форматы енгізілді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес,сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуі керек.
Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі