Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес жолға қойылды

Жемқорлықпен күрес жолға қойылды

Бұрнағы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында барлық мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жиын өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №5-2-5/3387 санды заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайлар қаралды.

Кез келген өркениетті ел үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық елдегі жетістіктерді жоққа шығарып қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке де орасан зор қауіп-қатер әкеледі. Сондықтан да біз сияқты дамушы ел үшін осы зұлымдықпен күресу мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда қоғамның індетіне айналған сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойып жіберу оңай емес. Жең ұшынан жалғасатын кеселдің алдын алу, онымен күресу жолында үздіксіз жұмыстарда жасалуда. Жиын барысында осы тараптағы заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.

20 қазан 2018 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930