Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамға кесір болған кесел

Қоғамға кесір болған кесел



Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
15 мамыр 2018 жылы Шиелі ауданының ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Елбасы Н.Назарбаевтың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын» іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі екендігін назарға ала отырып, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, жолын кесу масқатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының қызметкерлерінің және аудандық бұқара­лық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуді бөлім бастығы полиция подполковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәу­ленұлы ашып, бүгінгі күні жеке құрам арасында әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, қосымша дәрістер оқытылып жатқандығын, ағымдағы жыл басынан Қызылорда ОІІД кадр жұмысы басқармасының қызметкерлерімен 2 рет, АІІб басшылығымен 8 рет түсіндірме жиналыстары өткізіліп, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып өтіп, осы тақырып төңірегінде баяндама жасау үшін сөз кезегін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының басшысы Тілеп Руслан Ибайдуллаұлына берді.
Сөз алған Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының басшысы Р.Тілеп ағымдағы жылы АІІб бір қылмыс дерегі орын алып, басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгендігін, осы қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес, жеке құрам арасында алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұсынулар жолданғандығын, ҚР ҚК-нің 366 бабының талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, әрбір полиция қызметкерлеріне әкімшілік аймақтарында орын алған қылмыс деректерін жасырмай, АІІб-не тіркеуге алып, заңды шешім қабылдау қажеттігі жайында ескертіп, қазіргі таңда басқармамен жедел іс-шаралардың қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығын баяндап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Кездесуі АІІб-нің бастығы полиция подполковнигі С.Тоқтыбаев қорытындылап, алдағы уақытта да құқық қорғау органдарымен, Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасымен, ОІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жалғасатын­дығын, тоқсан сайын осындай семинар-кеңестерді өткізіп отырудың жеке құрам үшін маңызы зор екендігін жеткізіп, кеңеске қатысушыларға алғысын білдірді.

Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі.
Суретті түсірген Б.БӘЙіМБЕТ.
23 мамыр 2018 ж. 2 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930