Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық арқау болған жиын

Жемқорлық арқау болған жиын

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑÑÐ±Ð°Ð¹Ð»Ð°Ñ Ð¶ÐµÐ¼ÒоÑлÑÒҚазіргі таңда еліміздің дамуына бірден-бір кедергі және үлкен мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, ел экономикасының қарышты дамуына көлеңке түсіретіні белгілі.
Міне, осы мәселе төңірегінде аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы­ның Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша өткен бірлес­кен семинарға сыбайлас жем­қор­­лыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының қызметкерлері және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кеңесті бөлім бастығы Серік Тоқтыбаев ашып, бүгінгі күні жеке құрам арасында әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Атап айтқанда, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, қосымша дәрістер оқылып жатқандығын, ағымдағы жыл түсіндірме жиналыстары ұйымдастырылғандығы белгілі болды.
Сонымен, сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндама жасау үшін сөз кезегін алған жоғарыда атап өткен басқарманың басшысы Руслан Тілеп қазіргі таңда басқармамен жедел іс-шаралардың қарқынды түрде жүргізіліп жатқандығын баяндап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Кеңесті қорытындылаған С.Тоқтыбаев алдағы уақытта да құқық қорғау органдарымен, Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасымен, ОІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жалғасатындығын, тоқсан сайын осындай семинар-кеңестерді өткізіп отырудың жеке құрам үшін маңызы зор екендігін жеткізіп, кеңеске қатысушыларға алғысын білдірді.

Дина ӘБІЛАСАН.
Суретті түсірген
Бақытжан БӘЙІМБЕТ.
20 мамыр 2018 ж. 1 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930