Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫЛА КҮРЕС жемқорлықтың жолын кеседі

ЖҰМЫЛА КҮРЕС жемқорлықтың жолын кеседі

Сыр елі Елбасымыздың ерекше назарындағы Республикамыздағы дамуы екпінді қарқынмен жүріп келе жатқан аймақ. Осы аймақта заңдылықтың сақталуына азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығының тиісті дәрежеде қорғалуына барлығымыз бірдей жауаптымыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызметтің сыбайлас жемқор­­лыққа қарсы іс-қимылдағы үле­сі тек құқық қорғау қызметі бол­ғанына қарамастан, біз мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отырмыз, қылмыстық статистикада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың үлесі тым жоғары.
Жоспарланған жұмысты өткізген соң күтетін нәтижеміз – ол мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және бірінші басшылардың тарапынан жемқорлықтың кез-келген алғышарттарының жолын кесу бойынша батыл шаралардың қабылдануы.
Мемлекетіміздің қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты үлкен өзгерістерден өту сатысында.
2015 жыл Қазақстан үшін реформалар жылы болды.
Мұнда іске асырылып жатқан «100 нақты қадамдар» Ұлттық Жоспардың ауқымын атап өтсек те жеткілікті. Қабылданған заңдар осы жылдан бастап іске қосылды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін жаңа құқықтық тетіктер енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында үздік жетістіктерге қол жеткізген елдердің тәжірибесін зерделей отырып, бізде сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын болдырмайтын превенцияны басты қағида ретінде анықтап отырмыз.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада жазалар барынша күшейтілген, бас бостандығынан айырудың ең үлкен мерзімі 15 жыл болса, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адам өмір бойына мемлекеттік лауазым атқару құқығынан айырылады. Шартты түрде соттау және тараптардың бітімге келуіне байланысты қылмыстық ізге түсуді тоқтату (қысқарту) тәжірибеден заң жүзінде алынды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша мүлікті тәркілеу барлық баптар бойынша көзделген.
Жазалау шараларына балама ретінде парақорлықтың барлық түрлері бойынша параның мөлшеріне қарай соманы еселеп айыппұл салу енгізілді (50-ден 80-ге дейін есе).
«Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы» Заң­ның қабылдануын сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты жаңартудың кезекті кезеңі деп санауға болады.
Онда «сыбайлас жемқорлықтың» жаңа түсіндірмесі анықталған, барлық мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бекітілген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің аясы кеңейтілген.
Қызметтік әдеп бұзушылықты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан бөлу мақсатында, сыбайлас жемқорлық қылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік алынып тасталды. Енді олар мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттер (теріс қылықтар) болып саналады.
Ал сыбайлас жемқорлық субъектілерінің жауапкершілігі тек қылмыстық және әкімшілік заңнамасы арқылы қаралатын болады.
Мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау үшін мынадай сыбайлас жемқорлық превенциясы институттары енгізілуде:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау(ішкі және сыртқы),
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен стандарттар;
- Қаржылық бақылау шаралары.
Осылайша, егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі көбінесе заңнама нормалары мен жазалау шараларын қатайтуға бағытталған болса, қазір превенцияға, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудағы мемлекет пен қоғамның күш біріктіруіне назар аударылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының алдында қазіргі кезде екі маңызды міндет тұрғанын атап өткім келеді.
Біріншісі: жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазадан құтылмаушылық қағидасының толықтай іске асырылуын қамтамасыз ету.
Бұл міндеттің қаншалықты сәтті орындалып жатқанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайдың жақсарып келе жатқанынан көруге болады.
Қазір кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтауға мүмкіндігіміз бар, ол үшін барлық ұйымдастырушылық және құқықтық жағдайлар жасалған.
Екіншісі: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың превенциясы.
Біз осы екі міндеттерді басқа мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және азаматтармен тығыз әрекеттесе отырып шешпекпіз.
Халық болып жұмылып, қол біріктіріп, белсенді түрде жұмыс жүргізсек, елімізді сыбайлас жемқорлықтан тазарта аламыз деп сенеміз.
Біздің ортақ міндетіміз – қоғамның мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жоғарғы деңгейдегі сенімін қамтамасыз ету.
Қ.Жантөреев,
Оңтүстік аймағы бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының тергеушісі.
23 қараша 2017 ж. 2 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031