Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу


    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы
 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы, үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар  құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондай-ақ, өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
      Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.   
    Құқық белгілейтін құжаттар  (құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, сот шешімдері, әкімнің шешімі т.б) тұлғаға берілген кезден бастап 6 айдан кешіктірмейжылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша аумақтық әділет органдарына  «Халыққа қызмет көрсету орталығының» филиалдарына  өтініш беру арқылы тіркетуге міндетті.
    ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы Кодексінің 460 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімін бұзғаны үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылады.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықКодексінің 460-бабында жеке тұлғалар үшін  10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал заңды тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
      
Ұ.Оразгелді
Шиелі аудандық әділет басқармасы басшысы,
Қазақстан Заңгерлер одағының  мүшесі
23 қараша 2017 ж. 4 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930