Құқық бұзушылық фактілері қайтсек азаяды?
Қазақстан Республикасы қалыптасқан және де дамушы елдің қатарында болғандықтан зияткерлік меншікті қорғау саласына аса көңіл бөлінуде.
Зияткерлік меншікті қорғау мен қолдану мәселелері кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде және басқа да түрлі кәсіпкерлік әрекеттерінде маңызды орын алады. Елімізде зияткерлік меншік құқығын бұзғаны үшін ҚР қабылданған заңдарына сәйкес әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершіліктер көзделген. Зияткерлік меншік саласындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген ережелерге қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды күшейтетін «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заң актілері қолданылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы зияткерлік саласында құқықтық қатынастарды реттейтін Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (Берн, 1886 жылғы 9 қыркүйек, "Қазақстан Республикасының Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 қарашадағы № 297-1 Заңы); 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, т.б. халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылады.
ҚР Әділет Министрлігімен қатар, ішкі істер, прокаратура, кедендік бақылау органдары зияткерлік меншікті дамыту үшін контрафактімен күрес және зияткерлік меншікті қорғау бағытында бекітілген жоспарлар пен бұйрықтарға сәйкес бірлескен шаралар атқарылуда.
2016 жылғыжарияланған Жаһандық бәсекегеқабілеттілік индексінің рейтингісі бойынша Әділет Министрлігі негізгі 4 индикатордың орындаушысы болып табылады. Соның бірі ДЭФ ЖБҚИ-нің «Зияткерлік меншік қорғау» индикатор көрсеткіші, бұл көрсеткішті жақсарту мақсатында зияткерлік меншік құқығын қорғаумен сақтауды қамтамасыз етудеәділет органдары және құқық қорғау органдарының өткізілгеншаралары (кеңінен түсіндіру, жедел-іздестіру, қылмыстың жолын кесу т.б.) анықтап отыратын болады.
Мемлекеттік органдармен Зияткерлік меншік саласы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында түрлі семинарлар, «дөңгелек үстелдер», контрафакт өнімдерді жоюға қатысты әкімшілікістердің жария қаралуы өткізіліп келеді.Мұндай шаралардың мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы заң нормаларын түсіндіру, зияткерлік меншік құқығына деген құрмет және де контрафакт өнімдерді таратуды тоқтату мен тұтынуды азайту болып табылады.
Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау және Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуыорын алмау үшін елімізде арнайы автордың келісімімен жүргізілетін шарттар қарастырылған.
Өнертабыс пен өнер туындыларының иесі адамзаткемеңгерлігі болғандықтан,мемлекетімізде әрбір туындықорғалуға жатады. Әрбір автор өзіне заңмен белгіленген құқығын қорғау мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Сондықтан барлығымыз бірлесе ат салыссақ құқық бұзушылық фактілері саны азая түсер еді.
Шиелі аудандық әділет
басқармасы бас маманы
А.Сарсембиева
�гі көрсетілген жағдайлар орын алған жағдайда, міндетті сақтандыружүзеге асырылмақ. Ал сапасыз заң көмегін көрсеткен адвокаттар жауапкершілікке тартылатын болады. Шиелі аудандық әділет
басқармасының бас маманы
А.Сарсембиева