Статистика Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызылорда облысының Статистика департаментімен өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, соның ішінде ақпараттық және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру шеңберіндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және Департаменттің 2017 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқу жоспарын орындау мақсатында «Құқықбұзушылыққа төзбеушілік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және әдептілік нормаларын түсіндіру» тақырыптарында Департамент қызметкерлерін құқықтық оқыту семинарлары өткізілді.
Департаментпен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-насихаттау жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралары, мемлекеттік органның қызметі жайлы басылымдар тұрақты негізде шығарылып тұрады. «Құқық бұзушылыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында жадынама әзірленіп, онда сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық көрінісінің фактілерін анықтаған жағдайда азаматтардың іс-қимылдарының тәртібін түсіндіру, Департаменттің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша уәкілетті органның сенім телефоны көрсетілді. Жадынамалар респонденттерге таратылды.
2017 жылдың басынан Департамент тарапынан респонденттер үшін 12 семинар және Департамент пен аудандық статистика басқармалары қызметкерлері үшін 17 семинар өткізілді.
Департаментте басшылардың жеке қабылдау кестесі, «сенім телефоны» көрсетілген стенд құрылған. Сонымен қатар «бір терезе» қызметінде «шағым және ұсыныстар кітабы» орналастырылған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттары үшін пошта жәшігі бар.
Сонымен қатар, Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 91-қадамын іске асыру шеңберінде статистикалық деректердің сапасы мен анықтығын арттыру және мемлекеттік бақылау жүргізу аясында 2017 жылдың 10 айында бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 497-бабына сәйкес 257 әкімшілік іс қаралып, 9466268 теңгеге айыппұлдар салынды.
«Е-Статистика», «Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» интеграцияланған ақпарат жүйесін енгізуге байланысты, респонденттерге есептілікті электрондық түрде тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылуын болдырмау мақсатында респонденттер тапсырылатын статистикалық деректердің негізгі тізімі туралы «жүгіртпені» (бегунок) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика Комитетінің www.stat.gov.kz сайтында респонденттің БСН және ЖСН теру арқылы, немесе Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 72 үй, Департаменттің 8 кабинетінен /тел: 8(7242)27-73-17/, Шиелі ауданы Рысқұлов көшесі 17, /тел 4-21-07, 4-12-90/ аудандық Статистика басқармаларынан келіп алуға болады. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында респонденттерден бастапқы статистикалық деректер «бір терезе» принципі бойынша қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің
Статистика комитеті,
Қызылорда облысының Статистика департаменті.