Республикалық бюджет туралы заң жобасы талқыланды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті жалпы отырысында депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдап, түзетулер енгізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі liter.kz-ке сілтеме жасап .
ҚР-ның қаржы министрі Бахыт Султанов қаржы құжаттарының негізгі деп танылатын параметрларын ұсынды. Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттік жобаны қалыптастыру барысында Парламенттік тыңдауда айтылған есеп комитетінің, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстары назарға алынды.
– Түсімнің жалпы көлемі 2018 жылға 8,5 триллион теңге болса, 2019 жылы – 9,1 трилион, 2020 жылы – 9,5 триллион теңге деп белгіленді. Шығындарға келетін болсақ, 2018 жылы-9,2 триллион, 2019 жылы – 9,7 триллион, 2020 жылы – 10,2 триллион теңгені құрайды дейді бөлім бастығы.
Сенат комитеті қаржы және бюджет бөлімінің төрағасы Ольга Перепечина осы жобаны талқылау барысында,Сенаттың тұрақты комитеті мен депутаттары заңға 127,7 млрд. теңге сомасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 100-ден аса ұсыныс айтты. Соның нәтижесінде ұсыныстар үшжылдық кезеңге 85,6млрд теңге көлемінде қолдау тапты.
Бұл ұсыныстарды қаржыландырудың қайнар көзі – 2018 жылы мемлекеттік резервті 4,8 млрд. теңгеге және2017 жылы аяқталған Құрық портының құрылысы шығынын 16,9 млрд теңгеге қысқарту болып табылады деп көрсетті комитет басшысы.
Оның айтуынша, ұсынылған өзгерістер:
1.Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің логистикасы.
2.Гидрометеорологиялық қызмет.
3.Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарының тұрғындарына берешекті өтеу.
4.Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру сияқты іс-шараларды қаржыландыруды көздейді.
Талқылау қорытындысы бойынша, сенаторлармен өзгертілген заң жобасынМəжіліске жіберді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев заң жобасын қолдаған үшін депутаттық корпусқа алғысын білдірді. Сағынтаев құжаттың қабылдануы экономика тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз ететіндігін, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға көмектесетінін атап өтті. Министрлер кабинетінің басшысының уәдесі үш жылдық бюджетті талқылау барысында сенаторлар көтерген барлық мәселелер Үкіметте шешім табатындығына сендіріп отыр.
Бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілген тағы бір заң жобасы сенаторлардың Парламент Мәжілісіне жіберілді.
Сонымен қатар, депутаттар «2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» заң қабылдады. Құжатқа сәйкес, 2020 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке бекітіліп, екі триллион теңгені құрайды.