ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінде «Иіркөл» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылауға арналған ақпараттық жиын өткізілді. Іс-шара барысында Жолдауда айқындалған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және білім беру сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.

Атап айтқанда, «Цифрлық мемлекет» бағыты бойынша мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру, бюрократиялық кедергілерді азайту және заманауи технологияларды білім беру жүйесіне енгізу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау, олардың қажеттіліктерін ерте анықтау және тиісті мамандармен қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.
Жиында педагогтердің кәсіби қызметін қолдау, әкімшілік жүктемесін азайту және білім алушыларға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.
Талқылау қорытындысында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда білім беру ұйымдарының жауапкершілігі мен педагогтер қауымдастығының белсенділігі маңызды екені атап өтілді.