МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Отбасы – мемлекет пен қоғамның іргетасы. Берекелі шаңырақсыз елдің еңсесі биік болмайды. Бұл байқау 2014 жылдан бері ұлттық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.Жоба үлгілі әулеттерді дәріптеп, жас ұрпаққа өнеге көрсетуді көздейді.
Биыл Шиелі ауданынан 13 отбасы қатысып, өнегелі әулеттердің өмірі насихатталды. Аудандық комиссияның шешімімен облыстық кезеңге Мәліковтер мен Жәлтеновтер отбасылары жолданды.
Нәтижесінде:
Мәліковтер отбасы – «Кемел отбасы» номинациясын,
Жәлтеновтер отбасы – «Шуақты отбасы» номинациясын иеленді.
Айта кетсек, Шиелілік отбасылар жылдар бойы аталған байқауда үлкен жетістіктерге жетіп келеді:
• 2016 жылы – Ноғайбаевтар отбасы облыстық кезеңде ІІІ орын алды.
• 2017 жылы – Исламхановтар отбасы облыстан Бас жүлдеге ие болып, республикалық ақтық мәреде сертификатпен марапатталды.
• 2018 жылы – Ишанқұловтар отбасы облыста І орын алып, республика көлемінде дипломант атанды. Мемлекет басшысының атынан «Нива – Шевролет» автокөлігінің кілті табысталды.
• 2019 жылы – Қиянбековтер отбасы республикалық кезеңде үздік атанды.
• 2021 жылы – Әбілдашевтар отбасы облыстан Бас жүлдені жеңіп алды.
• 2023 жылы – Асановтар отбасы облыстан ІІІ орын иеленсе, Мыңбаевтар отбасы «Өнегелі отбасы» номинациясын алды.
• 2024 жылы – Әбішбаевтар отбасы «Ұлағатты отбасы», Мырзабаевтар отбасы «Шуақты отбасы» атанды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, үлгілі отбасыларға марапаттарын табыстады.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының ән-күйімен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі