Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘЙ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЕМЕС!

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘЙ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЕМЕС!


«Нұр Отан» партиясының "Жемқорлықсыз ел-гулденген ел" партиялық жобасы аясында "Нұр Отан" партиясы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының» мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарға "Нұр Отан" партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбет, 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасі басқармасының бас маманы А.Сәлімжанқызы, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары
Г. Құрбанғалиева және орталық аурухана ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталған мәселе бойынша арнайы бейнероликтер көрсетіліп, П. Маханбет пен А. Сәлімжанқызы ҚР заңы, партиялық бағдарламалар және жалпы ережелер бойынша кеңінен түсіндірме беріп, баяндама жасады.
Сондай - ақ семинар соңында азаматтардың арыз-шағымдары бойынша аудандық партия филиалы, облыстық денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің көшпелі қоғамдық қабылдауы өткізілді.

"Нұр Отан" Шиелі ауданы .
23 сәуір 2018 ж. 2 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031