Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластыққа қарсы семинарда

Сыбайластыққа қарсы семинарда

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филианың мәжіліс залында "Нұр Отан" партиясы Орталық аппартының партиялық бақылау инспекторы Искакова Айжан Сайлауқызының қатысуымен Шиелі аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясының мүшелеріне семинар өтті.
Семинарға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбет, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Қ.Жарекеев, "Нұр Отан" партиясы Шиелі аудандық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ибрашев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.
Сонымен қатар Орталық аппартының партиялық бақылау инспекторы Искакова Айжан Сайлауқызы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-"ХҚКО" департаментінің Шиелі аудандық бөлімінің жұмысымен танысты.

15 ақпан 2018 ж. 1 566 0