Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді

Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді

2026 жылғы 13 қазанда Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді. Жиынға БАҚ өкілдері қатысты.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.




Аумақтық сайлау комиссиялары облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихат сайлауларын өткізу бойынша алғашқы отырыстарын өткізді.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысында 7 мәселе қаралды.

Комиссия мүшелерінің дауыс беруімен Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу мен ұйымдастыруға арналған Күнтізбелік жоспар бекітіліп, күн тәртібінде қаралған өзге де мәселелер бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылданды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Сайлау алдындағы үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады.

Сайлаушылардың сайлаушылар тізімдеріндегі өз деректерімен танысуы 13 қарашадан басталады.

Ал, сайлаушыларға дауыс беру уақыты мен орны туралы ақпарат 18 қарашаға дейін жеткізіледі.

Дауыс беру 29 қараша күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Айта кетейік, Қызылорда облысында барлығы 531 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 9 аумақтық, 136 округтік және 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

Аталған комиссиялардың құрамында жалпы 3453 мүше қызмет атқарады. Атап айтқанда, аумақтық сайлау комиссияларында – 63, округтік комиссияларда – 670, учаскелік комиссияларда 2 720 комиссия мүшесі бар.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы
14 қазан 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031