Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Президенті , Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген.
Бұл ретте, сыбайлас жемқор­лықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.
Қазақстанда сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Респуб­ликасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.
Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №154 Жарлығына сәйкестендірілген.
Ұлттық баяндаманың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектіле­рінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама мәтінінің толық нұсқасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады (http://www.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/pages/nacdoklad_kaz_-compressed.pdf сілтемесі бойынша).
16 мамыр 2018 ж. 1 834 0