БАЛАЛАРДЫҢ САПАЛЫ ТАМАҚТАНУЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері күніне орай №207 Жаңатұрмыс орта мектебі асханасының жай-күйін зерделеу, оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету және асхана жұмысының ұйымдастырылу деңгейін бағалау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Мониторингтің негізгі мақсаты мектептегі тамақтандыру қызметінің сапасын бақылау, асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін зерделеу, оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне назар аудару, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің еңбегін бағалау.
Қазіргі таңда №207 Жаңатұрмыс орта мектебінде 279 оқушы білім алады. Оның ішінде 115 оқушы мектеп асханасында ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың дұрыс әрі құнарлы тамақтануы олардың денсаулығын нығайтудың, дене дамуы мен оқу үлгерімін жақсартудың маңызды факторларының бірі.
Мониторинг барысында мектеп асханасының жалпы жай-күйі, ас блогының санитарлық жағдайы, тазалықтың сақталуы, асхана жабдықтарының жай-күйі, ас мәзірінің ұйымдастырылуы және оқушыларға тамақ ұсыну тәртібі зерделенді. Сонымен қатар тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне, азық-түлік өнімдерінің сақталу жағдайына, асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауына және тамақтандыру процесінің тиісті талаптарға сай ұйымдастырылуына назар аударылды.
Мектеп асханасының жұмысы оқушылардың денсаулығын қорғау, олардың күнделікті қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етілуі және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру бағытында маңызды рөл атқарады. Осы орайда асхана қызметкерлерінің жауапкершілігі мен еңбегі ерекше маңызға ие. Олар оқушыларға уақытылы әрі сапалы тамақ ұсыну арқылы жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Мектеп асханасында еңбек ететін мамандардың жұмысы балалардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен ұқыптылығы ерекше назарда болуы тиіс.