Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістікті жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу.
Жемқорлық – мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына, экономикалық-әлеуметтік өсуіне кедергі болатын, елдің болашағына кесірін тигізетін қоғамдағы қауіпті індет. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол, саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Сыбайлас жемқорлық – адамның тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік зиянын тигізері сөзсіз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап қазіргі таңға дейін жемқорлықпен күресудің жолдарын айқындап, нақты стратегиялық бағдарламалар мен заңдарды енгізіп, мейлінше күресуге шақырды. Қабылданған шешімдер өз нәтижесін де беріп келеді. Оған дәлел бүгінде еліміз цифрлық кезеңге өтіп, мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды жүйеге енгізіліп, бір терезе қағидаты арқылы іске асып келеді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең оңтайлы әрі тиімді шара деп ойлаймын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев xалыққа ұсынған орындалуы тиіс он бағыттың бірі ретінде де сыбайлас жемқорлықты жою міндетін қойып отыр. Осы бағыттағы жұмысты қадағалайтын ресми органдар жоғары деңгейде сапалы қызметтер атқарып, нәтижесі көрінуде. Жемқорлықпен күрес-бірлескен жұмысты қажет етеді, әсіресе, бұл үрдісте мемлекеттік қызметшілердің алар орны айрықша. Сондықтан еліміздің дамуы жолындағы еңбегімізді әділ әрі сапалы орындап, жемқорлық атты кеселді індеттен аулақ болуға барлық мемлекеттік қызметшілерді шақырамын.

ҚР АШМ АӨК МИК-нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекция
басшысы Әшімов Исламбек Әшімұлы
03 қыркүйек 2019 ж. 1 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031