Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жегі құрт дерті дендеп кетпеу керек

Жегі құрт дерті дендеп кетпеу керек

Сыбайлас жемқорлық қазіргі өмірімізде қауіпті құбылыс болғандықтан, ол қоғамның негіздеріне қатер туғызады, заң мен әділеттікке сенімді жояды. Алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға кедергі туғызатын қандай да бір факторлардың болып тұратыны анық. Әр салада кездесетін сыбайлас жемқорлық фактісі осындай кедергілердің бірі. Оның тамырын түбегейлі шаппайынша, тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет.

Б.Дүйсебаева,
аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері.
05 маусым 2019 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031