Сыбайластыққа сүрінбе, жемқорлыққа жығылма
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселе екені баршамызға белгілі. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының 9-шы басым бағытында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Жемқорлықпен күрестің жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген болса, 2007 жылдың 12 қаңтарында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңнамалық актілердің мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатердің, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын
лауазымды қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» деп аталады. Осы баптың 1-ші тармағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі екені көрсетілген.
Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
А.Төлегенов,
Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы.