Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕҢ ҰШЫНАН ЖАЛҒАСҚАН жегіқұртты ЖОЯЙЫҚ

ЖЕҢ ҰШЫНАН ЖАЛҒАСҚАН жегіқұртты ЖОЯЙЫҚ

Жемқорлықпен күрес бүгін де елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында жемқорлықпен күресті назардан тыс қалдырмаған. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет.
Бұл індет – адамзат баласына жат қасиет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлықпен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Беделімізді өз қолымызбен бұзбай, абыройымызды аяқасты таптамай, тұрақты даму жолындағы мемлекетіміздің адал перзенті болу парызымыз деп білейік. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен
туын­­дайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге күресуді жеделдету – басты талап.
Сыбайлас жемқорлық – індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты бас­ты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігін өзгерту. Біздің қоғам адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет. Болашақ өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене қарау үшін бүгіннен қам жасап, оларға дұрыс бағыт сілтей білуіміз керек деп білемін. Қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін келеңсіз құбылыс – жемқорлықтан әлеуметті арашалау үдесінен шығайық. Жоғарыда аталған жат қылыққа қоғам болып қарсы шығу қайсысымыздың болса да кейінге қалдырмайтын міндетіміз деп білейік. Сонда ғана, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құра аламыз.

Сәрсенкүл ШАРИПОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.
25 ақпан 2018 ж. 1 587 0