Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес тоқтамайды

Сыбайластықпен күрес тоқтамайды



Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық.

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отыр. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсемізді көтеріп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп тамырымен жою қажет.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңын қабылдадық. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері анықталды. Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсізідігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестіріліген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлықтың тамыры-тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Жемқорларға қоғамда да, арамызда да орын жоқ екені түсінгеніміз абзал.

Жора Оспанов,
аудандық сотының бас маман аға сот жасауылы.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930