Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті

Қызылорда облысында халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті


Түрлі акциялар, көрме, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тіпті сахналық қойылым да бар. Мұның бәрі халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналды. Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы бағытта 40-қа жуық шара өткізді. Ұйымдастырушылардың басты көздегені – елдің экономикалық дамуына кедергі болып, билік тармақтарының беделіне нұқсан келтіріп отырған кертартпа құбылысқа қоғамның назарын аудару. Антикоррупциялық апта Медет Сәрсекеновтың «Тендерге түскен келіншек» атты пьесасының сахналануымен бастау алды. Драмалық қойылым өмірдің ащы шындығымен өрілген. Бауыр еті баласын сот жазасынан құтқару үшін ата-ана көз қысты, бармақ басты әрекетке барады.  Жең ұшынан жалғасқан парақорлықтан аулақ болуды өскелең ұрпақ жастайынан бойына сіңіргені абзал. Осы ретте «Коррупция балалар көзімен» тақырыбында суретшілер байқауы өтті. 300-дей туындыдан іріктелген суреттер арнайы көрмеге қойылды. Бағдарлама аясында аймақтың 30 шақты кәсіпорны мен мемлекеттік мекемелер қызылордалықтарға 166 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеде бюрократиялық кедергілерді еңсеру жолдары қоса түсіндірілді.    Абзал Мұхимов, Агенттіктің облыстық департаментінің басшысы: – Біздің берген ұсыныстар арқасында қазір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдік үлесі жыл сайын төмендегенін байқауға болады. Соның бірі ретінде мысалы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы электронды қызметтің түрі 31 пайыздан асып отыр. Бұл биылғы жылға департаменттің атқарған нәтижесі деп білемін. Бұл көрсеткішті біз келесі жылы 50 пайызға дейін жеткізу жөнінде мақсатты индикатор қойып отырмыз. Жол сақшысы сізден ақша талап етсе, қандай іс-қимыл жасау керек? Бұл жөнінде жергілікті полиция қызметкерлері өткізген ақпараттық акцияда жан-жақты түсіндірілді. Көлік жүргізушілеріне насихат парақшалары таратылды. Руслан Шағырбай, қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары: – Бұл жерде жүргізуші өзінің қандай заңдылық талаптарын сақтау қажет екендігін және де қандай да бір заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда қай жерге шағымдануға болатындығын, ол жөнінде телефон байланыс құралдары бар брошюраларда ескертілген. Ағымдағы жылы 60-тас астам адам тәртіптік жазаға тартылып, қазынаға 740 млн теңге қайтарылды. Жалпы қоғамда антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл басынан бері жүзден аса байқау, акциялар өткізілді. Жеңімпаздар мен сала үздіктері салтанатты шарада марапатқа бөленді.

24.kz
08 желтоқсан 2017 ж. 2 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930