Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗ СПИД-КЕ ҚАРСЫМЫЗ!

БІЗ СПИД-КЕ ҚАРСЫМЫЗ!

1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай жуырда №149 «Қызылту» орта мектебінде мектепішілік акция өткізілді. Акция оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында өтті. Іс-шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов, жастар денсаулығы орталығының социолог маманы С.Қалекеевалар арнайы шақырылды. Акцияның ашылу сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Охапова бастап қонақтарды таныстырды, атқарылып жатқан іс-шараның болашақ жастар үшін пайдасы зор екенін айтты. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің Республикадағы,облыстағы, ауданымыздағы індеттік ахуалына шолу жасап, көптеген қызықты мағұлматтармен бөлісті.
Жастар денсаулық орталығының социолог маманы С.Қалекеева салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық қалыптастыру еліміздің дамуының бірден бір жолы екеніне тоқталды. Мектеп аяжаны Г.Қауғанбаева «Біз СПИД-ке қарсымыз!» тақырыбында баяндамасын оқып, оқушылар арасында психологиялық сұрақ-жауап алмасты. Арнайы проектор арқылы оқушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында сұрақ-жауап алмасып, мектеп оқушылары дайындаған флешмобпен қорытындыланды.
«Өскен өңір» ақпарат.
05 желтоқсан 2017 ж. 3 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031