Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні еліміздегі мемлекеттік саясаттың бас­ты бағыты. Елбасының белгілеген негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отыр. Бұл дерт елдің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни, жемқорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан, онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланыс­ты. Елбасының мемлекеттің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», – деген жұртшылықтың пікірімен үндескендей. Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр. Талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.

Қ.Нахипбекова,
ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы Шиелі аудандық
бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы.
27 қаңтар 2019 ж. 1 238 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам