Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық төңірегіндегі келелі кеңес

Жемқорлық төңірегіндегі келелі кеңес

Еліміздің тәуелсіздік алып, еңселі ел болғанына жиырма жеті жыл болды. Елбасының арқасында осы аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, еліміз бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мемлекеттің күшф-қуатын арттыруды мақсат еткен іс-шараларды ерекше атауға болады. Соның бірі – еліміздің ішкі тәртібін күшейту мақсатында қолға алынған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары.Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Ауданнан арнайы топ А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйіне ат басын бұрды. «Белсенді азаматтық қоғам – сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан!» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жеті ауданнан өкілдер қатысып, бас қосты. Мақсат – еліміздегі сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясын іске асырып оны жұрт назарына ұсынып, пікірлерін білу еді.
Жиынға төрағалық еткен «Самұрық» ин­но­вациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Тұс­мағамбетов көпшілікке келген қонақтарды таныстырып, сыбайлас жемқорлық жөнінде айтып өтті. Сонымен, Бауыржан Жанәділов жиынның маңызына тоқталып, ашық пікір алмасуды сұрап, ашып берді. Конференция барысында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының рөлі» тақырыбында Ержан Жаров жемқорлық жөнінде мысалдармен ұштастыра отырып, өз ойын жеткізді. Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы тұру шеңберінде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Жамбыл, Түркістан облыстары бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ерболат Әмірбеков пен жетекші маманы Ақтөре Талғатұлы өз облыстары туралы осы салаға тоқталды. Кездесуде Ләззат Қаржаубаева құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің деңгейін жетілдіру барысын айтса, Анар Ізден мен Дәулет Сәдуақасов жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтау тақырыбын тілге тиек етті.
Кез келген өркениетте қоғам үшін парақорлықпен күресу түйткілді мәселе. Олай болса, түйткілді мәселенің түйінін бірге тарқатайық.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
24 қараша 2018 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930