Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күрес – баршаға міндет!

Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күрес – баршаға міндет!

Еліміздің тәуелсіздік алып, еңселі ел болғанына ширек ғасыр өтті. Осы аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, еліміз бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мемлекетіміздің күш-қуатын арттыруды мақсат еткен іс-шараларды ерекше атауға болады. Соның бірі – еліміздің ішкі тәртібін күшейту мақсатында қолға алынған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Оның жарқын мысалы, биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауда сыбайлас жемқорлық мәселесіне тағы бір мәрте ден қойылып, бұл дертпен күрестің жалғасатындығы баса айтылды. Бұл елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жаңа серпін берді. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналды, себебі, бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік мәселесін тудырады.
Әр ел бұл кеселмен өз деңгейінде, түрлі әдіс-айламен күресуде. Жемқорлықты қылмыс деп таныған қоғамда өмірдің кез келген саласындағы заң бұзушылықтарды ауыздықтау аса өзекті.
Қоғамдағы кейбір білімді деп санаған азаматтар «сатылғыш» немесе «сатып алғыштың» кейпін киюде. Ал, кейбіреулері пара алып және беріп, нағыз талант иесіне, мыңды жығар білімдіге тұсау жасайды. Бірақ, заңды ескермей, ардан аттағандар жазасыз қалмайды. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келіп, жемқорлыққа жол бергендер ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы және «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы заңмен жауапқа тартылып, заң алдында жазасын алады.
Егер дүйім жұртымыз бір ауыз сөзге тоқталып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасаса жемқорлық одан әрмен ушықпайды. Кез келген өркениетте қоғам үшін парақорлықпен күресу түйіткілді мәселе. Олай болса, түйіткілді мәселенің түйінін бірге тарқатайық.
Нұржан ҚАДЫРОВ,
«Гигант ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әскери есепке алу жөніндегі жетекші маманы.
05 қыркүйек 2018 ж. 1 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930